Бүгін, 8 мамырда Қарағанды облысында COVID-19 індетінен сауыққан сегіз пациент ауруханадан шығарылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Үй карантиніне шығарылғандардың алтауы Теміртау қаласының тұрғындары. Олардың арасында 1963, 1973 және 1974 жылдары туған үш әйел және 11 жастағы қыз бала мен жасы 10-ға келген ер бала бар. Сондай-ақ, 1984 жылғы ер адам да жазылып шыққандардың қатарынан орын алды.
Пациенттер толық емдеу курсынан өткен соң және екі мәрте ПТР-талдау теріс нәтиже көрсеткеннен кейін екі айға созылатын үй карантиніне шығарылды.
Бүгінге дейінгі мәліметтерге сай, Қарағанды облысында коронавирус инфекциясынан айығып шыққандардың жалпы саны 91 адамға жетті.