• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Мамыр, 2020

«Тағзым-5» кітабының тұсауы кесілді

259 рет
көрсетілді

Маңғыстауда облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай шығарылған «Тағзым-5» кітабі таныстырылды.

Кітап бұдан бұрын Жеңістің 50,60,65,70 жылдықтарына арнап жарық көрген «Боздақтар», «Тағзым» кітаптарының жалғасы болып табылады. Маңғыстау облысының құрметті азаматы Қойлыбай Қаражановтың құ­растыруымен шыққан кітап елі үшін құрбан болған жауынгерлер рухына тағзым етуге, жас ұрпақты тәрбиелеуге, ел басына күн туғанда ажалмен бетпе-бет тұрған бабаларының ерлігін үлгі ете отырып, патриоттық сезімді қалыптастыруға, сондай-ақ қиын кезде ел қорғаған аға буын өкіл­дерінің есімін ұрпақ жадында жаңғыртуға негізделген.

Маңғыстау өңірінен Екінші дүниежүзілік соғысқа 6186 адам аттанып, оның 4942-сі соғыс операцияларына қатысса, 1244-і жұмысшы батальонына алынды. Осы азаматтардың үштен екісі туған жерге оралмады.

Жаңадан жарық көрген «Тағ­зым-5» жинағы кітапқа енген барлық майдангерлер мен тыл ардагерлерінің ұрпақтарына, облыстағы кітапханалар мен білім беру ұйымдарына, мемле­кеттік мекемелерге тегін таратылып беріледі.

Ел басына күн туғанда со­ғысқа аттанған ерлер мен еңбек майданында ерлерден кем емес тер төккен аналардың ерлігі – мәңгі есте және үнемі үлгі.

 

Маңғыстау облысы