• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Мамыр, 2020

Павлодарда Кеңес Одағының батырларына бюст орнатылады

563 рет
көрсетілді

Кеңес Одағының Батыры Серікбай Мүткеновке, Бақыт Қайдаров, Василий Христенко, Жылбек Ағаділовке  бюст орнатылады. Бұл жайында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов онлайн-брифингте мәлім етті. 

Кеңес Одағының Батыры Серікбай Мүткенов 1913 жылы Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Қазір аудандағы бір ауыл батырдың есімімен аталады. Серікбай Мүткенов Павлодар педагогикалық училищесіндегі оқуын аяқтағаннан кейін, Жамбыл, Кеңес, Октябрь ауылдарында мұғалім болып қызмет атқарды.

1942 жылы соғысқа атанады. Командир-артиллеристер мектебін бітіргеннен кейін, аға сержант Серікбай Мүткенов  316–шы атқыштар дивизиясы, 342-ші атқыштар полкінің батарея командирі болады. Майдангер 1944 жылы қаңтар айында Черкасск облысы Звенигороск ауданының Ризино ауылында ерлікпен  қаза тапты.

Аудан орталығы Баянауыл ауылында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы,  «Даңқ» орденінің толық кавалерлері Бақыт Қайдаров пен Василий Христенкоға, осы ауданның Бірлік ауылында партизан Жылбек Ағаділовке бюст орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Баянауылдық зейнеткер Азамат Әміров Жаңатілек ауылының тумасы Бақыт Қайдаров туралы кітап жазуда. Бақыт Қайдаров Кенинсберг түбінде қайтыс болған. Ерлігі үшін «Даңқ» орденімен үш рет марапатталған.

Батыр туралы ақпарат алу үшін Мәскеу, Ленинград облыстарының мемлекеттік мұрағатына хат жаздым. Мектеп ауласында кәсіпкерлердің қолдауымен ескерткіш аштық, - дейді зейнеткер.

Әди Шәріповтың «Партизан қызы» кітабындағы кішкентай қыз Майяның әке-шешесі  Жылбек пен Жамал Ақәділовтар да Баянауылдың Бірлік ауылында  дүниеге келген.

Жылбек Шымкенттегі Қапланбек ауылшаруашылық техникумын бітіріп, Сарыағашқа жіберіледі.  Кушка қаласында жасақталған 152 атты әскер қатарына алынады. Офицер Жылбек сүйген жары Жамалмен бірге Белоруссияға  аттанады. Кенеттен соғыс басталды.

Белорусь ормандары партизандар ортасында Майя 1941 жылдың 27 қарашасында орманда өмірге келеді.

Жылбек Ақәділов Румыния, Венгрия, Чехословакия, Австрия жерлерін жаудан азат етуге қатысады. Соғыстан кейін Ақәділовтер отбасы, Жылбек ата қаржы саласында, Жамал апа тігінші, ал, қыздары «Партизан қызы» Майя ұстаз болып қызмет етті. Ақәділовтардың соғыс кезіндегі жауынгерлік жолдары ұмытылмастай траихта, кітапта қалды, кинофильм де бар.

6-мамыр күні  облыс  орталығында «Жеңімпаздар» кітабы жарық көрді. Кітапта соғысқа қатысқан және тылда еңбек еткен павлодарлықтардың ерлігі,  Жеңіске қосқан үлестері жайында баянадалған.

 

Павлодар облысы