• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қыркүйек, 2013

Съезд – дінаралық үнқатысу алаңы

283 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Қайрат Мәми Дінаралық үнқатысу жөніндегі Папа кеңесінің төрағасы, Дін көшбасшылары кеңесінің мүшесі Жан-Луи Торанмен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

 

Жан-Луи Торан Астанаға Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдық мерейтойы аясында Съезд Хатшылығының ХІІ отырысының құрметті қонағы ре­тінде және «Өркениеттер үнқа­ты­суындағы Астана дінаралық форумының рөлі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға келген.

Ватиканның жоғары дәрежелі өкілі кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Рим Папасы Францисктің шынайы ықыласын жеткізді.

Жан-Луи Торан бүгінгі күндері әлемде орын алып жатқан оқиғалар әр­түрлі дін өкілдерінің арасында табанды үнқатысу болуы керектігін дәлелдей түсетіндігіне тоқталды. Қа­зақстан дінаралық үнқатысудың бо­лашақта жан-жақты қолдауды қа­жет ететін моделін жасады, деді ол.

Өз кезегінде Сенат Төрағасы Ватикан басшылығына қазақстан­дық бастаманы қолдағаны, Астана Съезінің бәріне де көрнекті өкіл­дерімен жоғары деңгейде қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Ватикан Қазақстанның маңызды саяси әріптесі екені атап өтілді. Екі елдің белсенді байланыстары Қазақстан мен Ватикан арасындағы қарым-қатынас туралы келісімнен көрініс тапты. Қазақстан – ТМД елдері мен Орталық Азиядағы Киелі Тақпен осындай құжатқа қол қойған бірінші ел.

Тараптар сондай-ақ 2012 жылы мамырда өткен IV Съезд барысында құрылған Дін көшбасшылары кеңесі туралы да әңгіме қозғады. Сенат Төрағасы өз сөзінде Астана форумы он жылда өзінің қажеттілігін дәлелдей отырып, жаһандық үнқатысуды ілгерілетудегі маңызды алаңға айналғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар