Бүгін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Отан соғысының ардагерлері Михаил Подоляков пен Қасымхан Алдабергеновті құттықтады.
Аймақ басшысы соғыс ардагерлеріне Президенттің құттықтау хатын табыс етіп, сый-сияпат жасады.
Ардагерлерге зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілейтінін жеткізген облыс әкімі: «Майдангерлер туралы есте қалатын көптеген іс-шаралар өткізудеміз. Сіздердің тарихи еңбектеріңіз салмақты. Сондықтан бүгінгі және болашақ ұрпақ сіздердің ерліктеріңізден өнеге алып қалыптасуы тиіс. Сіздер көрсеткен ерлікті ешкім ешқашан ұмытпайды» - деді.
Қостанай облысы