• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Коронавирус 09 Мамыр, 2020

Пандемия салдарынан 25 жасқа дейінгі жастар зардап шегеді

222 рет
көрсетілді

Халықаралық еңбек ұйымы пандемияның экономикалық салдарынан 25 жасқа дейінгі жастар зардап шегеді деп мәлімдеді.

Коронавирус пандемиясына дейін ЕО-да жастар арасындағы жұмыссыздықтың орташа деңгейі 15 пайызды, ал кейбір оңтүстік елдерде 30 пайызды құраған.

Пандемиядан кейін бос жұмыс орындары жәрмеңкелері мен ірі рекрутингтік бастамалардың болуы туралы әлі болжамның жоқ екендігін айтқан бельгиялық сарапшы жастарға қосымша дағдыларды меңгеруге кеңес береді.

«Оқуды жалғастырудың орнына қосымша демалыс өткізіп, қателеспеңіз. Біліктілігін көтеру үшін уақыт пен күш-жігерін салу маңызды. Бұл жастарға бәсекелестікте артықшылықтар береді», - дейді Ян Дени түлектерге.

Бәлкім, бір жылдан кейін еңбек нарығындағы жағдай қазірге қарағанда әлдеқайда жақсы болады деп сендіреді сарапшы.

Соңғы 7 жылда ЕО жастарды жұмыспен қамтуға кепілдік беру бағдарламасына 9 млрд еуро инвестициялаған. Бұл бағытта 2021-2027 жылдарға арналған ЕО бюджетінен қаражат пайдаланылуы мүмкін.