Елорда әкімі Алтай Көлгінов қазақ драма театрының құрылыс барысымен танысты. Театр Елбасының тапсырмасына сәйкес салынуда. Театр құрылысымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры айналысып жатыр. Кешен 800 орынға есептелген, 3 қабаттан тұрады. Ғимарат Ж. Нәжімеденов, А. Байтұрсынов және 23-15 көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қала әкімі Алтай Көлгінов құрылыс жұмыстарының кестеге сәйкес жүріп жатқанын атап өтті.
«Аумақты абаттандыруға белсенді кірісу қажет. Барлық жұмыстар санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып жүргізілуі тиіс. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталады», - деді қала әкімі.
Сонымен қатар, елорда әкімі Алтай Көлгінов мыңжылдық ауданындағы инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысымен танысты. Бұл жұмыстар ауданды электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.