Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісінің тіркеуі бойынша 10 мамыр күні Алматы уақытымен 7 сағат 14 минутта жер сілкінді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 613 шақырым қашықта Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.8, магнитудасы – 4,2. Жерасты дүмпуі 5 километр тереңдікте болған. Сезілу туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәлімет жоқ.