• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Мамыр, 2020

Ғарышта Ресейдің үдеткіш блогы жарылды

369 рет
көрсетілді

Ғарышта Ресейдің «Фрегат» үдеткіш блогының жанармай багында жарылыс болып, нәтижесінде 65 сынық пайда болған. Бұл туралы ТАСС агенттігі АҚШ-тың әскери қарулы күштеріне сілтеме жасап хабарлады.

Америкалық әскерилердің мәліметтерінше, оқиға 8 мамырда болған.

Бұл үдету блогын 1990 жылдары С. А. Лавочкин атындағы ғылыми-өндірістік бірлестігі жасап шығарған. Негізінен үдету блогы зымыран тасығыштың құрамында қосымша рөл атқарады. Олар ғарыш аппараттарын жер маңындағы орбиталардың кең спектріне, сондай-ақ планетааралық траекторияға шығаруды қамтамасыз етеді.