• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Мамыр, 2020

Маңғыстау облысында вирус жұқтырған 7 адам ауырғандармен байланысқан

398 рет
көрсетілді

Вирус жұқтырғандар Жаңаөзен қаласының 1967, 1992 жылғы ер азаматары және 1968 жылғы азаматшасы. Барлығы өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

Сонымен қатар Бейнеу ауданында 1987, 1999, 1967, 1959 жылғы азаматшалардан скрининг аясында коронавирус індеті анықталды. Барлық науқастар белсенді түрде анықталды. 7 науқастың 2-і бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған, 5-і скрининг шеңберінде анықталды. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 120 адам анықталған.