• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Мамыр, 2020

«Союзмультфильм» алғашқы 3D онлайн мультфильмін ұсынды

247 рет
көрсетілді

«Союзмультфильм Youtube арнасында алғашқы 3D «Тышқан Фрош: Қазына іздеген достар» мультфильмін ұсынды. Шытырман оқиғалы мультфильм ресейлік жазушы Елена Никитинаның шығармасы желісінде түсірілген.

Он үш минуттық мультфильм 4-тен 12 жасқа дейінгі балаларға аса қызықты, дейді кино студия мамандары. Бұл техникалық орындау деңгейі жағынан заманауи жоғары технологиялық мультфильмдерге сәйкес келетін киностудияның алғашқы қысқа метражды 3D өнімі. Қазіргі уақытта Мульт телеарнасында да көрсетілуде.

«Біздің сүйкімді тышқан Фрош жаңа 3D-мультфильміміз тәжірибелік жоба. Балалар детективінің элементтері бар қызықты шытырман оқиғалы мультфильм кішкентай көрермендердің назарын аударады деген сенімдеміз», дейді киностудияның бас продюсері.