• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Технология 11 Мамыр, 2020

Кезекті алдын ала броньдай аламыз

409 рет
көрсетілді

Қарағанды, Ақтау және Орал қалаларындағы бірнеше халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын қайта жандандырып, жаңа форматта қызмет көрсете бастады. Алғашқы жұмыс күні осы ХҚО-ларда 2038 мемлекеттік қызмет көр­се­тілді. Олардың 70%-дан астамы алдын ала брондау арқылы қамтамасыз етілген. Қал­ғандары сол жерде бронь жасаған немесе операторлардың босауын күткен.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада «Азаматтарға арналған үкі­мет» мемлекеттік корпорациясы коро­навирус пандемиясы қаупінің сақталуына байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа форматын ұсынды, оған сәйкес азаматтар ХҚО-дан тек «қағаз жүзін­дегі» қызметтер мен онлайн түр­де ресімделген қызметтердің нәти­желерін ала алады.

Бұл ретте қызметтерді тек алдын ала жасалған броньдау арқылы алуға болады. Халыққа қызмет көрсету ор­­талығына кезек уақытын egov.kz

порталы немесе 1414 нөміріне қо­ңырау шалу арқылы белгілей аласыз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бас­қарма төрайымы Әсемгүл Балташе­ваның айтуынша, кезекке тапсырыс беру – ең алдымен қызмет алушы үшін өте ыңғайлы. Ол ХҚО-ға бірден қызмет алу үшін немесе құжатын алып кету үшін ғана барады. «Бірінші күні біз кезекке тапсырыс бермеген клиенттердің өзінен жағымды пікір естідік. Олар қызметтерді тез алуға бола­тынын көріп, келесі жолы тек броньдау арқылы келуге уәде берді», деді Ә.Балташева.

Ол сондай-ақ кезекке тапсырыс берген клиенттердің белгіленген уа­қыт аралығында келу керектігін айтты, себебі бронь уақыты өтіп кетсе, қайта брондау рәсімін жасау керек. Со­нымен қатар бронь барысында тір­келген ЖСН иесі ғана электронды ке­зекті пайдалана алады.

Естеріңізге сала кетейік, 4 мамырдан бастап төтенше жағдай тәр­тібін қамтамасыз ету жөніндегі штабтардың шешімімен бірқатар аймақта халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды.

Атап айтқанда, Қарағанды, Ақ­тау және Орал қалаларында жеке тұл­ғаларға қызмет көрсету үшін алдын ала брондау арқылы ХҚО-лар ашылды, ал Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақ­мо­ла, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қа­зақ­­стан және Түркістан облыста­рын­да ХҚО-лар шағын және орта биз­неске қызмет көрсету үшін ашылды.