• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Мамыр, 2020

Сыр жұртынан Мақтааралға көмек: Алпыс сегіз тонна гуманитарлық көмек жіберілді

180 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы әкімдігінің бастамасымен облыстық жастар саясаты басқармасы жанынан құрылған Мақтарал тұрғындарына көмек орталығына жұрттың жәрдемі үздіксіз келіп түсіп жатыр.

Қоғам белсенділері, кәсіпкерлер мен ерікті жастардың ұйымдастыруымен 6 және 9 мамыр күндері «Сыр жұртынан Мақтаралға көмек» ұранымен Түркістан облысына гуманитарлық көмектің алғашқы легі жеткізілген болатын.

Енді Қармақшы, Сырдария аудандары мен Байқоңыр қаласы тұрғындарынан жиналған жиырма төрт тонна азық түлік, 2 тонна жем, 2 тонна киім-кешек тиелген 13 автокөлік жолға шықты.

Жалпы 6 мамырдан бастап сырбойылықтар Түркістан облысына 68 тонна гуманитарлық көмек жіберді.