Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Мақтааралға көмектесіп жатқан азаматтарға алғыс білдірді.
«Зардап шеккен ауданға көмектесіп жатқан азаматтардың бәріне ризашылығымды білдіремін. Тасқын болған жерде әкімдік, сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан мен Төтенше жағдай жөніндегі комитет бөлімшелері және полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Отандық және шетелдік ірі бизнес өкілдері де зардап шеккен тұрғындарға айтарлықтай көмек бергенін ерекше атап өткен жөн. Мұндай азаматтарды халқымыздың шынайы патриоттары, тілеулестері деуге болады. Баршаңызға алғыс айтамын! Қазақстандықтар бұл жолы да бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білді. Біз бірге болсақ, барлық қиындыққа төземіз. Кез келген міндетті орындауға мүмкіндігіміз жетеді»,- деді Мемлекет басшысы.