• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Мамыр, 2020

«BizBirgemiz» жобасы аясында 363 мыңға жуық адамға көмек көрсетілді - Ералы Тоғжанов

115 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов төтенше жағдай кезінде қазақстандықтарға көрсетілген әлеуметтік көмектер жайында айтты.

- «BizBirgemiz» жобасы аясында 363 мыңдай адамға 818 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 5 млн маска тегін таратылды. Алдыңғы шепте жүрген 2000-нан астам дәрігерлерге қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен барлық өңірлерде азық-түлік тауарларының тұрақтылық қорлары құрылды. Халықтың негізгі азық-түлік тауарларымен тұрақты түрде бүгінде қамтамасыз етуде, - деді Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ ол әлеуметтік маңызы бар  азық-түлік тауарларының 19  түрі бойынша қосымша құн салығы жыл соңына қарай 12  пайыздан 8 пайызға  дейін төмендетілгенін айтып өтті.

- Тауар өндірушілерге 8,7 млрд теңгеге көмек көрсетілді. Жоспарланған көктемгі егіс науқаны үшін қазақстандық фермерлерге «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 5 пайыздан аспайтын мөлшерде 70  млрд теңге бөлінді. Бұл жылдағы қалыптан 10 пайызға көп. Аталған нақты шаралармен 2405 нақты осы ауыл шаруашылық  субъектілері қамтылды, - деді ол.