• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Мамыр, 2020

Қостанай облысында жоғалып кеткен жігіт іздестіріліп жатыр

437 рет
көрсетілді

Алтынсарин ауданына қарасты Ілияс Омаров ауылының 17 жастағы тұрғыны Руслан Жұбанышев сәуірдің 27-сінен 28-іне қараған түні бірнеше ауылдасымен бірге балық аулаға шығып кетіп, қайтып оралмаған. Содан бері оны ешкім көрмеген. Жоғалған азаматтың туыстары полицияға 29 сәуірде хабарласыпты.

- Руслан жоғалған күні болған оқиғалар анықталды. Сол күні көлге барғандардың бәрі карантин тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Қазір олардың адам жоғалуына қаншалықты қатысы бар екені тексеріліп жатыр. Балыққа шыққандардың арасында ешқандай жанжал болмаған. Бірақ сол күні бәрі ішімдік ішкен. Русланның қайда кеткені туралы қазірше ешқандай ақпарат жоқ. Іздеу шаралары жалғасуда, - деді облыстық ПД тергеу басқармасының басшысы Нұрлан Арыстанов.  

Басқарма басшысының айтуынша, ауыл айналасындағы және көршілес елді мекендердің маңындағы өзен-көлдер мен сай-саланың барлығы, сондай-ақ, Ілияс Омаров ауылындағы үй аулалары, құдықтар мен бос ғимараттардың іші тегіс тексерілген. Іздеуге төтенше жағдай департаментінің сүңгуір мамандары қосылып,  жақын маңдағы көлдерді түгелдей сүзіп шыққан. Бірақ нәтиже жоқ. Қазір полицияның жеке құрамына жоғалған азаматтың фотосуреті таратылып, іздеу тобы жасақталды. Іздеу шараларына 25 полиция қызметкері, із кесуші ит ерткен 5 кинолог, 30-дан астам жергілікті тұрғын және 100-ден астам ерікті  қатысуда.

Қостанай облысы