Бүгін таңнан бері облыс аумағынан Алматы қаласына апаратын жолдарда кептелек орын алды. Ұзын-сонар көліктер нөпірі қалаға кіруге ниеттенген.
Жағдайға түсінік берген Алматы қалалық полиция Департаментінің баспасөз қызметі қаланың айналасындағы 27 блок-бекет бұрынғысынша жұмыс істеп тұрғанын жеткізді.
«Барлық 27 блокпост бұрынғыдай жұмыс істеп тұр. Алматы әлі карантинге жабық. Қала тұрғындарына тек ресми ақпарат көздеріне құлақ асуға кеңес береміз. Қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі тіркелген жоқ. Қазір блокпостардағы ахуал тұрақты», - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.