• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтан: Өткізу-бақылау бекеттері алынған жоқ

201 рет
көрсетілді

Елорда әкімдігі жанындағы жедел штаб карантин режимі алынбағанын хабарлайды. Қалаға кіру шектелген. Елордаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарында жұмыс істейтін тұрғындар ғана кіре алады. Қызметкерлер тізімін Ақмола облысының әкімдері береді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қалаға талап етілген барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Төтенше жағдай мен карантин уақытында азық-түлік өнімдері еш кедергісіз жеткізілуде.

11 мамырда Төтенше жағдай режимі алынды. Алайда, Нұр-Сұлтан қаласы бұрынғыдай карантин режимінде өмір сүре береді. Қала аумағы бойынша орналасқан барлық өткізу-бақылау бекеттері күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Карантин режимін бұзған тұлғалар жауапкершілікке тартылады.