• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Коронавирус 11 Мамыр, 2020

Ақтөбеде 1 жасар сәби коронавирус жұқтырды

141 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша 2019 жылғы балаға COVID-19 диагнозы қойылды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.  

9 мамырдан бастап баланың дене температурасы 38 градусты көрсетіп, іш өту белгілері болған. 10 мамырда жедел жәрдем шақырады. Жедел жәрдем ауруханасының стационарына барғасын сынама алынады, ПТР зертханалық зерттеу нәтижесі COVID-19 диагнозын анықтады.

Қазір бала облыстық жұқпалы аурулар стационарының бокс палатасына жатқызылды, науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті емдік шаралар жасалып жатыр.

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

11 мамырдағы жағдай бойынша, Ақтөбе облысында COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған барлығы 175 адам тіркелген.