• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Мамыр, 2020

Қазір киік төлдеп, құралайын өргізетін сəт - Мағзұм Мырзағалиев

628 рет
көрсетілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өткен жылы елімізде 335 мың киік есепке алынғанын айтты. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.

«Табиғат заңы ешқашан өз дəстүрінен жаңылған емес. Дəл осы кезең киік төлдеп, құралайын өргізетін сəт. Мамырдың басында басталып, бірнеше аптаға созылатын қазақ айтатын «құралайдың салқыны» келіп жетті. Өткен жылы сайын даламызда 335 мың киік есепке алынды. Өкінішке қарай, биыл киік санын əуеден көктемгі санау төтенше жағдай режіміне байланысты кейінге шегерілді. Бұл жұмыс күзде жалғасады», - деп жазды Мағзұм Мырзағалиев.

Сондай-ақ жазбада инспекторлардың киік төлін өргізетін жерлерді айрықша қорғауға кіріскені жайында айтылған.

«Күш құрылымдармен бірге браконьерлікті болдырмау мақсатындағы «Киік» кең ауқымды акциясы іске асырылуда. Мамандар да ақбөкендердің хал-ахуалын жіті қадағалап отыр. Табиғат өз перзентіне мейірімін төгіп, маң даладағы киік саны көбейе түседі деп үміттенемін», - делінген жазбада.