• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Мамыр, 2020

Арқалықтағы «Дала өлкесі тарихы» музейіне күрделі жөндеу жүргізіледі

384 рет
көрсетілді

Жарты ғасырға жуық тарихы бар мәдени нысан көптен бері күтім көрмей тозып тұр еді. Елді елең еткізген қуанышты хабарды мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов хабарлады.

Ол өзінің Facebook парақшасында: «Бүгін аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Мәжіліс барысында «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша мәдениет нысандарын жөндеу туралы баяндадым. Бағдарлама аясында Арқалық қаласындағы облыстық дала өлкесі тарихы музейіне күрделі жөндеу, Қостанай ауданының Заречный және Октябрьск елді мекендеріндегі мәдениет үйлеріне ағымдағы жөндеу жоспарланған. 3 жобаны іске асыру барысында 75 жұмыс орнын ашу қарастырылған. Аймақ басшысы жобаларды сапалы және уақтылы іске асыру туралы тапсырма берді», - деп жазды.

 

Қостанай облысы