Жітіқара қаласында індетке шалдыққандар саны тағы төрт адамға артты. Бұл жолы COVID-19 1964, 1968 және 1995 жылы туған үш әйелден және 21 жастағы ер азаматтан анықталып отыр.
«Науқастардың барлығы мақсатты эпидемиологиялық тексеру барысында анықталды. Болжам бойынша, олар бұрынғы науқастармен байланыста болған. Қазір бәрінің жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сай тиісті емшара жүргізілуде» - деп хабарлады облыс әкімдігінің жедел ақпарат штабы.
Қостанай облысында 11 мамыр сағат 23.00-дегі жағдай бойынша COVID-19 індетін жұқтырған 66 адам анықталды.
Қостанай облысы