• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Мамыр, 2020

Арақ ішті, ажал құшты

2099 рет
көрсетілді

Қазір көптің құлағы түрік. Өйтпегенде ше, көзге көрінбейтін тозаңдай вирус тұтас әлемді шопақ құрлы көрмей ілмегіне іліп, індетке алаңдаған жұртты соған мәжбүрлеп отыр. Сондықтан не көп, ақпарат көп.

Ал ақпараттың барлығы бір­дей пайдалы, барлығы бірдей ақиқат емес. Тіпті арасында зиян­дылары да көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия кезінде қоғамға зияны тиетін инфодемиямен күрестің керек­тігін айтуда. Неміс журналисі Каро­лин Шварц БАҚ пен қатар әлеу­меттік желілердегі жалған ақпа­рат­тарды зерделеп, оларды 3 топ­қа бөліп қарастырыпты. Бірін­­шісі, адамдарды нәсілге бөлу­­­шілік. Дүниедегі дерттің жа­­ма­ны азиаттардан келуде, бәрі­не солар кінәлі, атап айтқан­да, қытай­лықтардың тамақты тал­ғамай жей беретіні, өмір сүру сал­ты­ның кемшілігі дейді. Бұл жерде еуро­палықтар ешкімнің құжа­тын тексеріп, айырып жат­қан жоқ, түр-түсіне қарап қана, азиат атау­лыдан құбыжық көр­ген­дей шошып жүр. Екіншісі, ауру­ға шал­дықпау мен одан емделу жө­нін­дегі зиянды кеңестер беру. Үшін­шісі, тауарларға жа­сал­­ған жалған жарнамалар, сол­ар­дың кесірінен кейбір зат­тар­дың баға­сының шарықтап кетуі, керісінше көптеген ком­па­ния­ның тауарларын сауда­дан алып тастауға мәжбүр болған­дығы дейді.

Ақпараттың тез тарап, қол­жетімді болуына түрлі әлеуметтік желілер, мессенджерлер өзінің орасан зор көмегін бергенімен, солардан жеткен жалған ақпарат­тардың жарға жығып жатқан да жайы бар. Бірі қатерлі індетті қауе­сет көріп, ештеңесі жоқ, тіпті сақтану да қажет емес, бұл тұ­мау­мен баяғыда ауырып кет­кенбіз, қалыпты тірлігіңді кешіп, тойыңа, садақаңа бара бер десе, енді бірі жоқ, бұл Америка ма, Қытайдың ба, әлде масондардың ба қолдан шығарған биологиялық қаруы, жер бетінде адам көбейіп кетпесін деп соны басқарып отырғаны дей­ді. Әйтеуір не керек, жел сөз­бен түндік желп-желп етеді. Тілде сүйек жоқ, дейді қазақ, рас.

Британдық Daily Mail таб­лоидында бір мектептің мұға­лі­мінің виски мен балды қо­сып ішуі арқасында дертінен айық­­­қаны туралы жазылуы ира­н­дық­тарды техникалық спирт-метанолды ішуге алып келген. Ағз­аға түсісімен тотығып, формаль­де­­гид­ке айналатын метанолдан мың­даған адам уланып, 400-ден астам адам көз жұмған. Ал адам өмірін ойыншыққа айналдырып, ақша жолында неден болса да тайынбайтын пақырлар тыйым салынған метанол саудасын қыз­дырыпты. Қазір Иран үкі­меті осы ақпаратты алғаш елге тарат­қан адамды іздестіру үстінде екен.

Біздің елімізде де уатсапқа да­мыл жоқ. Ішінде жалғаны бар, ра­сы бар қаншама ақпарат өріп жүр. Ба­йыбына жетіп жатқан жан жоқ.

Дүние жүзіндегі қай мемлекетте де жалған ақпарат тарату­ға қатысты жазалау түрлері қарасты­рылған. Ол біздің елімізде де бар, сондықтан уатсаптан тараған әрбір ақпараттың астарына үңілу ар­тық етпейді. Біріншіден, жал­ған емнің құрбаны болмайсыз, екін­шіден, заң бұзып, басы­ңыз бәлеге қалмайды.