• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Кеше

Ормұз бұғазындағы жағдай: Иран мәлімдеме жасады

30 рет
көрсетілді

Иран тарапы АҚШ кемелерінің Ормұз бұғазына кіруіне жол бермегенін мәлімдеді. Бұл қадам Дональд Трамп америкалық теңіз күштері өңірде кемелерге ілесіп жүруді бастайтынын жариялағаннан кейін жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Euronews дерегінше, Иранның Тасним агенттігі бұл туралы қысқаша хабарлап, қосымша ақпарат кейінірек жарияланатынын жеткізген.

Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды

Ирандық БАҚ өкілдері бұғазда АҚШ фрегатына екі зымыран атылғанын хабарлағанымен, АҚШ Орталық қолбасшылығы бұл ақпаратты жоққа шығарып, америкалық кемелердің зақымданбағанын мәлімдеді.

Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді

Сонымен қатар, Біріккен Араб Әмірліктері Иран ADNOC компаниясына тиесілі танкерге екі дрон жібергенін айтып, бұл әрекетті айыптады.

Иранның IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігі Трамптың бастамасын сынға алып, Иран әскери басшылығы бұғаз арқылы өтетін кемелер әрекетін келісуі тиіс екенін мәлімдеді. Генерал-майор Али Абдоллахи шетелдік әскери күштер, әсіресе АҚШ, нысанаға алынуы мүмкін екенін ескертті.

Сарапшылардың айтуынша, Ормұз бұғазындағы жағдайдың шиеленісуі өңірдегі қауіпсіздікке және кеме қатынасына қауіп төндіріп отыр.

Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді

Соңғы жаңалықтар