Елордада 13 мамырда қалалық велопрокат қызметі іске қосылады; тұрғындарға 50 велобекет пен 200 велосипед қолжетімді болады.
Биыл жоба үш кезеңде жүзеге асырылады. Маусым айында велопрокат желісі үш есеге артады – жалпы саны 155 пункт іске қосылып, елорда тұрғындары мен қонақтарына 700 велосипед қолжетімді болады.
Жобаның мақсаты – автокөлік пен қоғамдық көлікке балама ретінде елорда тұрғындарына қозғалыс үшін қолжетімді көлік ұсыну.
Велобайктерді брендтеуде негізгі басымдық түстерге берілген. Ашық-жасыл түс – City Transportation Systems компаниясының брендін, көгілдір түс – Нұр-Сұлтан және Astanabike логотипінің брендін көрсетеді. Сондай-ақ велосипедтерде ашық көк, көк шеңберлер мен нүктелерді көруге болады.
Жалға беру қызметін жүйеге тіркелгеннен кейін пайдалануға болады. Ол үшін www.velobike.kz сайтына кіріп, жария шарттың талаптарымен танысу және өзінің келісімін растау қажет. Қызметті 16 жасқа толған тұлғалар тұтына алады.
Велопрокатқа арналған абонементтерді www.velobike.kz сайтында және City Transportation Systems кассаларында 13 мамырдан бастап сатып алуға болады. Велопрокат жүйесі 24/7 қол жетімді. Велопрокатқа тарифтер өзгеріссіз қалады: Стандартты абонементтер: айлық абонемент – 2 500 теңге; тоқсандық абонемент – 6 000 теңге; маусымдық абонемент – 10 000 теңге. Жеңілдікті абонементтер: тоқсандық абонемент – 3 000 теңге; маусымдық абонемент – 5 000 теңге.
Тоқсандық және маусымдық абонементтерге растайтын құжаттарды ұсынған кезде 50%-дық жеңілдік беріледі: - жасына байланысты зейнеткерлер (зейнетақы куәлігі), - студенттер (студенттік билет / оқу орнынан анықтама, күндізгі оқу түрі), - III топтағы мүгедектер (зейнетақы куәлігі/мүгедектігі туралы анықтама).
Стандартты немесе жеңілдікті абонементтерден басқа пайдаланушының шотында 500 теңге болуы тиіс. Егер ақша таусылса – велосипед экранында «Қате» шығады. 30 минутқа дейін велосипедті шектеусіз пайдалануға болады, ең бастысы – стандартты абонемент сатып алу. 30 минуттан артық жол жүру құны жалға беру уақытына байланысты төлемнің бөлігін ескере отырып есептеледі: –30 минутқа дейін – абонемент құнына қосылған; - 31 минуттан 60 минутқа дейін – 100 теңге; - 61 минуттан 120 минутқа дейін – 250 теңге; - 121 минуттан 180 минутқа дейін – 500 теңге; – 181 минуттан соң әр сағатқа – 1 000 теңге.
Тәуліктік абонементтер: - 1 тәуліктік абонемент – 3 500 теңге; - 3 тәуліктік абонемент – 9 000 теңге; - 7 тәуліктік абонемент – 17 500 теңге. Тәуліктік абонементтер елорда туристері мен шетелдіктерге арналған. Тәуліктік абонементке қол жеткізу үшін www.velobike.kz сайтына тіркеліп, жеке кабинетте банктік карта арқылы абоненттік төлем және депозиттік кепіл енгізу қажет. Кепіл сомасы 37 500 теңгені құрайды. Депозиттік кепіл – велосипедті бекетке қайтару кепілі. Жалға алу уақыты аяқталғаннан кейін нақты жалға алу сомасы есептен шығарылады және балансты шегеруді ескере отырып, депозиттік кепілді онлайн-қайтару жүзеге асырылады. Тұрғындар Нұр-Сұлтан әкімдігінің iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, қалалық велопрокат қызметі бойынша кеңес ала алады.
Айта кетейік, елордада 2014 жылы алғашқы 40 станция мен 200 велосипед орнатылды. City Transportation Systems кассаларының мекен-жайы мен жұмыс кестесі: CTS орталық кассасы, Қошқарбаев даңғылы, 50/1. Жұмыс кестесі:9: 00-ден 18: 00-ге дейін, үзіліссіз. Демалыс – жексенбі. «Ақжайық» ТК, Мәңгілік Ел көшесі, 19/2 (Алматы көшесі, №10/2 бутик жағынан кіру). Жұмыс кестесі: 10: 00 ден 20: 00 дейін, түскі үзіліс: 14:00 – 15:00. Демалыссыз. «Өркен» БО, Бейбітшілік көшесі, 25. Жұмыс кестесі: дүйсенбі мен жұма аралығы: 10:00-ден 17: 00-ге дейін, үзіліссіз. Сенбі күні – 10:00-ден 13: 00-ге дейін, үзіліссіз. Демалыс – жексенбі. «Айтолқын» СҮ, Мүсірепов к-сі, 4/1. Жұмыс кестесі: 10: 00-ден 20: 00 -ге дейін, түскі үзіліс – 14:00-ден 15:00-ге дейін, демалыссыз.