Коронавирус инфекциясы анықталған адам Батыс Қазақстан облысының 47 жастағы тұрғыны. Ол өзіне дейін вирусты жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандықтан, зертханалық зерттеуге анализ алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы қойылып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.Ауру ошағында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.12.05.2020 жылғы жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 255 адам тіркелген.