2020 жылғы қаңтар-сәуірде 2019 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.
Тамақ өнімдерінің, темекі бұйымдарының, мұнай өңдеу өнімдері, фармацевтикалық өнімдерінің өндірісі, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі өсті. Сонымен бірге, сусын өндірісі төмендеді.
Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 16 өңірінде байқалды.