Бүгін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында, оның ішінде eGov.kz портал, «Е-лицензиялау» және «Электрондық үкіметтің» барлық компоненттерінде проблемалар пайда болды. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп, тексеру жүргізді. Нәтижесінде мемлекеттік сектордың интернет ресурстарына қатысты мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының интернет-ресурстарының қолжетімділігіне байланысты проблемаларға алып келген шетелдік интернет сегментінен бөлінген DDoS-шабуыл тіркелді.
Шабуыл Қазақстандық интернет сегментінің интернет-ресурстарына әлемнің 48 елінен 550-ден астам IP-мекенжайлардан жүргізілді.
«Бұл кезеңде ресурстардың жұмысына шабуылдың әсерін азайту және оны толық бұғаттау бойынша шаралар қабылдануда. Бұл дербес деректердің компрометациясы анықталмағанын қосымша хабарлаймыз» деп мәлім етті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.