Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы коронавирус жұқтырды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Қазіргі уақытта Песков ауруханада жатыр.
Айта кетсек, Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігінің басшысы Владимир Якушев және Мәдениет министрі Ольга Любимовадан коронавирус анықталған.
Мишустин 30 сәуірден бері медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында жатыр, дәрігерлер оның жағдайы қалыпты екенін айтты.