• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Мамыр, 2020

Қазақстан ТМД елдері СІМ басшыларының кеңесіне қатысты

373 рет
көрсетілді

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлерінің бейнеконференция форматында кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл іс-шараға Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара барысында ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді талқылады. COVID-19 коронавирусының таралу салдарына қарсы әрекет ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Тараптар қатысушы-мемлекеттердің қауіпсіздік пен гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылын одан әрі нығайтуға ықпал ететін бірқатар маңызды шешімдерді келісті. Отырыс қорытындысы бойынша 2020 жылға ТМД шеңберінде көп деңгейлі СІМ-аралық консультациялар жоспары бекітілді.

Сондай-ақ ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің қорғаныс, қауіпсіздік, мәдениет, спорт, білім және жастар ынтымақтастығы саласындағы халықаралық шарттар мен шешімдердің жобалары мақұлданды.