Бала үйдің бесінші қабатындағы балкон терезесінен құлап кеткен. Абырой болғанда, періштесі қағып, гүлзардың үстіне түсіп аман қалған. Бұл туралы тосын хабар сағат 16.50-де жедел жәрдем қызметіне түседі.
Оқиға орнына 7 минуттан соң жеткен фельдшердің айтуынша, баланы анасы бірер минут қараусыз қалдырған. Сол сәтті пайдаланған нәресте балкон терезесіне тартылған тордыбасып қалып, төменге құлап кеткен.
«Баланың қаңқа сүйектері сынбаған. Қазір дәрігерлердің қарауында. Оқиғаға қатысты тексеру шаралары жүріп жатыр» - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қостанай облысы