• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2020

Маңғыстау: Коронавирус көп таралған ауыл әкімі қызметінен босатылды

322 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы Қарақия ауданына қарасты Сенек ауылында соңғы он күн ішінде 23 жағдай тіркелді. Індет алдымен көп адамды жиып, ас берген үйден шыққан. Кейіннен сол жиында болған адамдарға жұққаны анықталды.

Аядай ауылда карантин ережесін сақтауды қамтамасыз етпегені үшін облыс басшысының шешімімен ауыл әкімі жұмыстан шеттетілді. Ал аудан әкіміне сөгіс жарияланды. Қазір ауылға кіре беріс тұсқа блокпостар қойылып, күзет күшейтілді.

Вирус көп тараған аудандар арасында Бейнеу мен Қарақия көш бастап тұр. Бейнеу ауданында 37 тұрғыннан КВИ анықталды. Арасында қоғамдық жұмыс өкілдері мен дәрігерлер де бар.