• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2020

Ақмолада білім ошақтарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде

184 рет
көрсетілді

Биыл облыста жүзден астам білім беру нысанына күрделі  жөндеу жұмысы жүргізіледі. Карантиндік шараларға қарамастан, бұл жұмыстар кестеге сай орындалады деп күтілуде.

Облыста  жалпы білім беретін 556 мектеп, мектепке дейінгі 224 ұйым және 33 колледж жұмыс істейді. Биыл дағдарысқа қарсы жоспар аясында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы іске қосылды. Осы бағдарлама аясында 102 білім беру мекемесі жөнделеді.

– Бұл жұмыстарға шамамен 8,8 миллиард теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 94 нысанда келісім-шарт жасалды. Ал қалған білім ошақтары конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні 30 нысанда  жұмыс басталды. Бір нысанда жөндеу жұмысы аяқталды, – дейді облыстық білім басқармасының жетекшісі Бейбіт Жүсіпов.

Аяқталған нысандардың бірі – Жақсы ауданында. Сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 1,2 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаражат облыстың бес ауданындағы жеті мекемені күрделі және ағымдағы жөндеуге бағытталған. Бұдан басқа облыс орталығында үш мектепке жапсарланған құрылыс салу жұмыстары да жалғасуда.

№13 мектеп-гимзанияда басталған қосымша құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталады деп күтілуде. Осылайша облыстағы білім ошақтары жаңа оқу жылына дейін ажарланып қалмақ.