• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2020

Павлодар облысында биыл 350-ден астам шақырым жол жөнделеді

192 рет
көрсетілді

Өңірде автомобиль саласында 24 жоба іске асырылып жатыр. Жөнделетін жолдардың жалпы ұзындығы 359,4 шақырымды құрайды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Осы ретте облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 5 жоба жүзеге асырылуда. Жөндеуден өтетін облыстық жолдардың ұзындығы 91,2 шақырымды құраса, аймақтың аудандарында жолдардың 268,24 шақырымы жөнделеді. Дәлірек айтқанда, аудандық жолдарда жүзеге асырылып жатқан жобалар саны – 19.

Мәселен, жергілікті маңызы бар:

«Майқайың – Екібастұз» жолының 23-29 шақырымдары,

«Чернорецк – Ольгино – Успенка – Шарбақты» жолының 25-37 шақырымдары,

«Ертіс – Ертіс бекеті» жолының 38-40, 63,0 – 67, 1 және 62-63 шақырымдары қайта жаңарту жұмыстарынан өтпек.

Бұдан бөлек, осы жылы «Ақсу ауылы – Ленинский ауылы» жолы, «Шиқылдақ селосына кіру жолы», Шиқылдақ – Жарсор көлі» жолы, « Торайғыр селосына кіру жолы», «Чернорецк – Ольгино – Успенка – Шарбақты», «Башмачное – Озерное», «Кузьмино-Лесное», «Песчаное-Львовка», «Ефремовка-Луганск» жолдары, «Аққу – Қазы – Майқараға», «Жаңа жұлдыз – Петропавловка», «Шарбақты – Галкино – Мақпал» жолдары, «Екібастұз қаласы әуежайына кіру жолы», KS ZL-1 Башмачное-Озерное», «Ақтоғай-Харьковка», «KS KM-1 Қызыл Октябрь - Жаңа Ақшиман» және «Шақат-Восточное-Шалдай» жолдары орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады.

Айта кету керек, Павлодар облысындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 942 шақырымды құрайды. Аталмыш жолдардың 82,6 % жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда. 2019 жылы осы көрсеткіш бойынша ел өңірлері арасындағы рейтингте Павлодар облысы Маңғыстау және Жамбыл облыстарынан кейінгі 3 орынға жайғасқан болатын. 2020 жылғы қорытындыларға сәйкес жүргізілетін жол жөндеу жұмыстарының нәтижесінде өңірдегі жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 85% жеткізіледі деп күтілуде.