• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2020

Шымкент: Сауда базарлары жұмысын қайта бастады

882 рет
көрсетілді

Қаладағы сауда базарлары сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі жұмыс режимімен жұмысын қайта бастады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Ал машина және мал базарлары әзірге санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты тоқтап тұр. 

Базарларда қауіпсіздік шаралары қатаң талап етіліп, санитарлық жабдықтармен қамтылуда. 

Осы ретте, Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы сатушылар мен тұтынушылардан санитарлық нормаларды сақтап, жауапкершілікпен қарауларын сұрайды.