Көлік жүргізушілеріне өз бағдарын алдын ала жоспарлау ұсынылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Жеңіс даңғылының Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейінгі аумағында жөндеу жүргізуде.
Осыған орай мамырдың 13-нен 25 дейін аталған аумақта көлік қозғалысы тоқтатылады. Қала тұрғындары мен қонақтары жолдағы кептеліске тап болмас үшін бағдарын алдын ала жоспарлау қажет.