• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Коронавирус 13 Мамыр, 2020

ДДҰ аймақтық директоры Қазақстанның вируспен күресіне жоғары баға берді

146 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бойынша аймақтық директоры Ханс Клюге Қазақстанның вируспен күрестегі жұмысын жоғары бағалады. 

Ол Twitter парақшасындағы жазбасында Қазақстанның вируспен күресі белсенді әрекеттің үздік үлгісі екенін атап өтті.

«Қазақстанның COVID-19 дертімен күресте атқарған жұмысы белсенді әрекеттің үздік үлгісі. Күшті бақылау, денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін қосқанда ауқымды тестілеу, деректерді цифрлық жинау, байланыста болғандарды уақытында анықтап, бақылауға алу, науқастарды тиісті емдеу және зерттеу» деп жазды Ханс Клюге.