• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2020

Қостанай облысында жол құрылысына қатысты 600-ге жуық кемшілік анықталды

412 рет
көрсетілді

Биыл аймақта «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 515 шақырым болатын автокөлік жолы жөнделеді. Мәселен, «Қарабұтақ-Қостанай» жобасы  бойынша Рудный қаласынан Денисов ауылына дейінгі күре жолға күрделі жөндеу жүргізілмек.

 - «Қарабұтақ-Қостанай» жобасы  бойынша салынатын жолдың жалпы ұзындығы 114 шақырым болады.  Қазір жұмыс жүріп жатыр. Жол сапасына қойылатын талаптардың барлығы сақталуы шарт.  Мәселен, жер төсемінің құрылымы, төсемнің төменгі және үстіңгі қабатының қалыңдығы нормаға сай болуы керек. Сондықтан біздің мекеме жол бойында жүріп жатқан жұмысты толық қадағалап отыр. Асфальт-бетонды қоспаның және керн сынамалары алынды. Олар келесі сынақтар үшін сынақ зертханасына тасымалданды» - деді Жол активтері ұлттық сапа орталығы мекемесінің облыстық филиал басшысы Абылайхан Алшынбаев.

Филиал басшысының айтуынша, Қостанай облысы арқылы өтетін «Орталық-Батыс» жобасы да «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Жалпы ұзындығы 401 шақырымдық жолды қамтитын бұл жоба Елорданы батыс аймақтармен тікелей көлік дәлізі арқылы қосуды көздейді.

–  Біздің мекеме жолдың заманауи технологиялар арқылы салынуына мұрындық болғанымен, нақты сапасына тапсырыс беруші тікелей жауапты. Жол саласында жаңа әдістемелер мен технологияларды тиімді енгізу, кепілдік мерзімдерін ұлғайту, жол инфрақұрылымының қауіпсіз­дігін арттыру басты міндетімізге кіреді. Жолды күрделі және орташа  жөндеуден өткізу, автомобиль жолдарын күтіп ұстау кезінде құрылыс-монтаж жұмыстары мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуді жоспарға қойдық. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау сапасын жақсарту мақсатында нормативтік-техникалық базаны жетілдіру үстіндеміз. Облыста былтырдан бері тексеру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Соңғы бір жыл ішінде республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында 624 тексеру жүргізіп, 593 заң бұзу әрекетін анықтадық. Жол құрылысы нысандарынан 702 сынама алынып, зертханалық талдауға жіберілді. Нәтижесінде жол құрылысында 81 материалды пайдалануға тыйым салынды. Қазір 28 сынама тексерістен өтуде, - дейді филиал директоры Абылайхан Алшынбаев.

 

Қостанай облысы