• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Мамыр, 2020

ДСМ ұсынысымен Атырауға ұшуға шектеу қойылды

256 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысына байланысты Атырау қаласына ұшуға шектеу қойылған. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті Facebook парақшасында жазды.

«Жазғы мерзімде әуе тасымалдарына сұраныстың артатынын назарға алып, әуе компаниялары Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-карантиндік шараларын және сұранысты ескеріп, қалалар арасында қатынайтын рейстер санын өздері анықтайды.Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысына байланысты Атырау қаласына ұшуға шектеу қойылған. Қазақстанның әуе компанияларына Министрлік арқылы ведомствоаралық комиссияның шешімінсіз ұшуға тыйым салынған жерлерге әуе билеттерін сатуға болмайтыны туралы жеткізілді» делінген хабарламада.