• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Мамыр, 2020

Науқас адаммен байланысқа түспеген павлодарлық азаматтан коронавирус анықталды

234 рет
көрсетілді

13.05.2020 ж. мәлімет бойынша COVID-19 Екібастұз қаласының 1964 жылы туған тұрғынынан анықталды.

Бұл азаматтың айтуынша, ол 4 мамырдан бастап ауырған, дене қызуы 39 градусқа дейін көтерілген, тамағы ауырып, жалпы әлсіздік байқалған. Ер азамат медициналық көмекке жүгінбеген, өздігінен емделген. Облыс, қаладан тыс жерлерге шықпаған, вирусты жұқтырған адамдармен тікелей байланыста болмаған. 7 мамыр күні науқас телефон арқылы №3 емханаға қоңырау шалып, қашықтан учаскелік дәрігерден кеңес алған. Осылайша науқасқа ем тағайындалып, ауруханаға жату ұсынылды. Жедел медициналық көмек бригадасы бұл азаматты Екібастұз қалалық ауруханасының провизорлық бөлімшесіне жеткізген. Сондай-ақ науқас 10 жылдан астам уақыт күретамыр гипертониясымен диспансерлік есепте тұрғаны анықталды. COVID-19 ға анализ ауруханаға түскен кезде алынды, нәтижесі теріс. 10 мамыр күні жағдайы нашарлаған соң пациент Екібастұз қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінің жан сақтау бөліміне ауыстырылды, инвазивті емес өкпе желдеткішіне қосылды, кейіннен өкпені жасанды желдетуге ауыстырылды. 11 мамырда COVID-19 ға талдау теріс нәтиже көрсетті, ал 12 мамырда бұл азаматтың вирусты жұқтырғанын көрсетті. Науқаспен байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.Бүгінде Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 155 адам тіркелген.