• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Мамыр, 2020

Ақтау әуежайының жұмысы 16 мамырдан бастап қайта жанданады

184 рет
көрсетілді

Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау халықаралық әуежайының директоры Ерғазы Жолдасов мәлімдеді.

Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша Ақтау әуежайы 16 мамырдан бастап ішкі әуе рейстерді қабылдайды.

«Air Astana» әуе компаниясы бұрынғы ұшу кестесі бойынша «Ақтау-Нұр-сұлтан» және «Ақтау-Алматы» бағыты бойынша күніне бір рет жолаушыларды тасымалдайды. Ал, «Sckat» әуе компаниясы «Ақтау-Алматы» бағыты бойынша күн сайын бір рет, ал «Ақтау-Шымкент» бағыты бойынша аптасына екі рет жолаушыларды тасымалдайтын болды. Еліміздің барлық қалаларына ұшатын рейстер іске қосылады.

Тек қана Атыраудағы пандемиялық жағдайға байланысты «Ақтау-Атырау» рейстері әзірге ұшпайды. Сонымен қатар шет мемлекеттерге бағытталған әуе рейстерінің қашан іске қосылатыны да әзірге белгісіз.

Рейстер әуежай алгоритміне, күшейтілген санитарлық нормаларға, сондай-ақ борттағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес орындалады.

Әуежайда жолаушыларға төмендегідей талаптар қойылады: Арақашықтық сақтау. Тіркеу, тексеру, отыру мен түсу кезінде жолаушылардың (1 метр) арақашықтық сақтауы қажет. Термометрмен өлшеу. Терминалға кіргенде жолаушылардың дене қызуы тексеріледі. Жеке қорғаныш құралдарын пайдалану. Ұшаққа отырғанға дейін және ұшу кезінде жолаушылардың бетпердесі болуы тиіс. Жолаушылар ұшудан 2 сағат бұрын әуежайда болуы қажет. Шығарып салушылар және күтіп алушы адамдар терминал ғимаратына кіре алмайды.

 

Маңғыстау облысы