• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Мамыр, 2020

Атырау: Теріс діни ағым жетегіндегілер жасаған қылмыстар

806 рет
көрсетілді

Қылмыс жасауға ұмтылғандар арасында алуан  түрлі адамдар кездеседі. Тіпті, деструктивті діни ағымды ұстанушылар да бар. Ал, олар қандай қылмыс жасап жүр?

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері сондай азаматтардың қатысуымен жасалған оннан аса қылмысты әшкерелепті. Теріс діни ағым жетегіндегілер бөтеннің мүлкін ұрлап, заңсыз балық аулауға барыпты. Өз жемтіктерін бопсалап, ұрып-соғып, денеге жарақат салыпты. Сондай-ақ, қасақана ауыр дене жарақатын салудан тартынбапты.

–Мәселен, қаңтар айында белгісіз тұлға Алғабас өткелінде орналасқан үйге заңсыз кіріп, 1995 жылы туған азаматшаның «Самсунг G1», «Самсунг G5», «Самсунг G6» маркалы үш ұялы телефонын ұрлап кеткен. Қылмысқа қатысты  33 жастағы азамат ұсталды. Ол   деструктивті діни ағым ұстанушы екен. Ал, наурыз айында полицияға Өзбекстан Республикасының азаматтары белгісіз тұлғалардың  өздерін бопсалап, «Opel Zafira» маркалы автокөлігін тартып алғаны, 2 000 000 теңгеден астам шығын келтіргені туралы арызданды.  Полиция қызметкерлері  Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел шара барысында қылмысқа күдікті екеуді ұстады. Тексеру кезінде олардың да деструктивті діни ағымды ұстанатыны анықталды, -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.