Елдегі карантин кезінде барша қазақстандықтар жұдырықтай жұмылып, мұқтаж отбасыларына қайырымдылық шараларын жасады. Әлі күнге үздіксіз жалғасын тауып жатқан игі шараға мектеп ұстаздарының да белсенді атсалысып жүргені белгілі.
Осы орайда Алматы қаласы Алатау ауданы №178 лицей ұжымы «30 күн оразада-30 игілікті іс» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 30 отбасыға, қайырымдылық көмегін беріп, имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың өнегесін көрсетіп, игі дәстүрді жалғастырып келеді.
«178 лицей» КММ-нің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жазира Әбуова «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» демей ме дана халқымыз. Адамның адамға таза ниетін, адамгершілік, рухани қарым - қатынасын көрсететін имани, сауапты игі іс. Қазақ халқы қашанда көмекке мұқтаж адамдарды қанатының астына алып, қамқорлық танытудан еш тайынбаған. Жаны жақсылықты қалап тұратын жаны жайсаң, жомарт жандар қашанда қол ұшын созуға дайын» деп атап өтті.
АЛМАТЫ