• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Қыркүйек, 2013

18 боксшы қызымызширек финалға шықты

277 рет
көрсетілді

Қыркүйектің 22-сі күні Болгарияның Албена қаласында басталған бокстан қыздардың жасөспірімдер және жастар тобы арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасы біршама сәтті өнер көрсетуде. Кеше бұған дейінгі айқастарын жеңіспен аяқтаған 18 атлетіміз ширек финалда күш сынасты.

Шаршы алаңда осы күні жасөспірімдер арасында Назерке Жұрғараева (46 кг) АІВА ұсынған Нетинхой Лайно Данламен, Балауса Мұздыман (54 кг) румын Кристина Космамен, Екатерина Аниссимова (60 кг) болгар Бойка Вашевамен, Любовь Хассиева (66 кг) түрік Гизем Айдемирмен, Асыл Асқарова (48 кг) болгар Хафиза Османмен, Әйгерім Ошақбай (52 кг) ресейлік Умеда Сайдовамен, Назым Ишанова (57 кг) алжирлік Хоуда Ноур Елмен, Аида Әбікеева (63 кг) румын Парашива Пассумен, Баян Ақбаева (70 кг) украин Анна Бойкомен жұдырық сілтесті.

Ал жастар арасындағы сайыста Алуа Балқыбекова (48 кг) түрік Айси Кагипирмен, Айдана Арапбаева (60 кг) швед Мариа Лундблад Ханна Идамен, Гауһар Ермекбай (69 кг) ресейлік Анна Бобиревамен, Анастасия Рылина (81 кг) поляк Анна Гил Мартинамен, Севара Тәжіқұлова (51 кг) франциялық Санди Ганглофф Майлс Анастасиямен, Ақтолқын Кеңесбекова (57 кг) поляк Наталия Жакубцык Паулинамен, Мәдина Нұршаева (64 кг) швед Шини Алехиуссон Агнес Софиямен, Валентина Халзова (75 кг) серб Милена Натовиспен, Умида Садықова (+81 кг) ресейлік Саида Га­ми­довамен айқасты.

Осылардың жеңгендері медаль алатындар қатарына енді.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Соңғы жаңалықтар