• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Мамыр, 2020

Алматыда нөсер жауыннан аулаларды су басты (видео)

176 рет
көрсетілді

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті толассыз жауған жауыннан қала көшелерін су басып, ағаштар құлағанын хабарлады.

ТЖД мәліметіне сәйкес, 21 ауланы су басып, 19 ағаш құлаған. Құрбандар мен жапа шеккендер жоқ. Жалпы алдыңғы күнгі ескертуден кейін қаланың құтқару қызметі дайын болғанын айтады. 

Нәтижесінде ауласына су кіріп үлгерген 15 үйді су басудан құтқарып қалған. Одан бөлек 4 көшені су басып, 2 көпқабатты үйдің жертөлесін су басқан. 

Қатты тұрған желден 8 ағаш көліктерге, ал 11 ағаш жолға бойына құлаған.

Құтқарушылар 840 текше метр суды сорғышпен сорып, 260 қап құм төсеген.