• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Мамыр, 2020

Шығыс Қазақстан: 6 сантиметр асфальт қайда кетті?

1789 рет
көрсетілді

Жол құрылысының 2 шақырымына рейд жүргізді.

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық жол активтері сапасы орталығының өкілдерімен бірлесіп Өскеменге кіре беріс айналма жолы құрылысының 2 шақырымына рейд жүргізді.

«Сапалы жол» жобасы аясында жүргізілген рейд барысында заң бұзушылыққа жол берілгені анықталған. «Жоспар бойынша асфалтьбетонды жол төсемінің қалыңдығы 12 сантиметрді құрауы тиіс болса, факт бойынша 6 сантиметрді ғана құраған. Жолдарды жөндеу және салу кезіндегі мұндай кемшіліктер жол сапасына кері әсер етеді. Мердігер ұйымдар бірінші кезекте жол төсемінің ұзаққа шыдас беруі құрылыс сапасына байланысты екенін түсінуі тиіс» дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ренат Нәбиев.

Жыл басталғалы бері жол сапасын тексеру мақсатында 61 іс-шара қолға алынып, соның нәтижесінде 31 заң бұзушылық анықталыпты.

Шығыс Қазақстан облысы