• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Мамыр, 2020

Ақмолада бір тәулікте үш адам қаза тапты

285 рет
көрсетілді

Қорғалжын ауданында өзенге шомылған жасөспірім суға батып кетті. Ал Бурабай ауданында тұрғын үйден шыққан өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылды.

Төтенше оқиға Қорғалжын ауданындағы Сабынды ауылынан 8 шақырым жерде орын алған. Оқиға куәгерлерінің айтуына қарағанда, бес студент Нұра өзеніне суға түсуге барған. 2002 жылы туған жасөспірім суда шомылып жүріп, жағалаудан тым алыстап кеткенін байқамай қалған болуы керек.

– Департаменттің судан құтқару отрядының сүңуірлері іле ауданға жіберілді. Іздестіру жұмыстары нәтижесінде жасөспірімнің денесі табылып, судан шығарылды. Марқұмның Нұр-Сұлтан қаласындағы колледжде оқитыны белгілі болды,- дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы Алексей Советов.  

Щучинск қаласындағы 4 қабатты тұрғын үйден өрт шыққан.  50 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды ауыздықтауға 2 техника мен 11 өрт сөндіруші жұмылдырылған. 

– Өрт сөндіру барысында ас бөлмеден екі адамның мәйіті табылды. 1967 жылғы ер адам мен 1979 жылы туған әйел. Қызының айтуынша, ата-аналары темекі тартады екен. Сондықтан, өрттің шығуына темекі тұқылы себеп болуы әбден мүмкін,–дейді департамент бастығы Алексей Советов.   

Өткен жылы  облыс аумағында 22 адам суға кеткен болатын. Жыл басынан бері өрт салдарынан 10 адам қаза тапқан. Несін айтасыз, қаншама адамның ажалы от пен судан болып тұр.