• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Мамыр, 2020

Атырау: Әскерилер қызметін абыроймен атқарды

276 рет
көрсетілді

Атырауда төтенше жағдай кезіндегі карантинге байланысты төрт блок-бекет ашылған еді. Онда полиция қызметкерлерімен бірге әскерилер де кезекшілік атқарды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Атыраудағы жергілікті гарнизоннан 200 әскери тартылды. Мәселен, №41430 әскери бөлімінің аға офицері, майор Ақылбек Әлжановтың айтуынша, әскери қызметшілер блок-бекеттерде екі ауысыммен жұмыс істепті.

– Біз блок-бекеттердегі, қаланың белгіленген жерлеріндегі  қызметімізді абыроймен атқардық. Әр ауысымда 28 адам кезекшілікке шықты. Міндетіміз – төтенше жағдай режимінің сақталуын қамтамасыз ету. Әскерилердің көмегімен 20-ға жуық тәртіп бұзушылық анықталды. Біз үшін еліміздің тыныштығы мен халқымыздың амандығы қымбат. Сондықтан, біз елді  қорғауға әзірміз, - дейді аға офицер Ақылбек Әлжанов.

Әскерилер Атырау қаласындағы №3 емханада  қауіпті індет инфекциясына ПТР тест-сынамасын тапсырды. Аталған емхананың эпидемиологы Абзал Дүйсеновтің пікірінше, 204 әскери қызметкерден мұрын жұғындысы алыныпты. Анализ қорытындысы бір тәулікте дайын болады.