• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Мамыр, 2020

Жітіқараның ХҚКО-ы карантин аяқталғанша жұмыс істемейді

191 рет
көрсетілді

Бүгін өңірлік жедел штаб осындай шешім қабылдады. Жітіқара ауданының әкімі Абай Ыбыраевтың айтуынша, жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығына күніне 200-ден астам адам келеді екен. Жиі ресімделетін құжаттардың дені негізінен жедел маңызы жоқ қызметтерге жатады.   

«Тұрғындар санитарлық талаптарды үнемі сақтай бермейді. Аймақтағы аһуалды ескерсек, бұл індеттің таралу қаупін күшейтеді. Сондықтан халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын карантин мерзімі аяқталғанша тоқтата тұруды сұраймыз»,- деді аудан басшысы. Жедел штаб әкім ұсынысын мақұлдады. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгінге дейін Жітіқара ауданында COVID-19 вирусын жұқтырған 52 адам анықталып, 1 науқас көз жұмды. 

 

Қостанай облысы