• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Қыркүйек, 2013

Қарақшылар Италия түрмесін тонап кетті

268 рет
көрсетілді

Италияның солтүстігінде орналасқан Павия қаласындағы түрме тоналды. Бұл туралы РБК «Украина» хабарлады.

Қаскөйлер түн ортасында түрме аумағына жасырынып кірген. Жер астымен қазылған жол арқылы олар бейне бақылау мен барлық қауіпсіздік жүйелерін айналып өткен. Осылайша түрме басшысының кеңсесіне кіріп, сейфті ұрлапты.

Алдын ала деректерге сүйенсек, сейфтің ішінде шамамен 5 мың еуро болған екен. Полиция бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.  

Тергеушілер қылмыскерлердің түрмені жақсы білгендігін, сол себепті бұл істе мекеменің бұрынғы тұтқындары басты күдікті ретінде қаралатынын мәлімдеді.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар